• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2014

Ықпалдастықтың белсенді сипаты

202 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Финляндия Парламентінің спикері Ээро Хейнялуомамен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың даму болашағын, сонымен қатар, бірқатар халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқыға салды. Екі ел арасындағы соңғы жылдардағы қарым-қатынас белсенді бола түскені атап өтілді. Бұл барлық деңгейлердегі өзара сапар алмасу жиілігінен де байқалады. 2013 жылғы сәуірде Финляндия Президенті С.Ниинистёнің Қазақстанға сапары болып өтті. Оның барысында саяси және экономикалық салалардағы маңызды келісімдерге қол жеткізілді, болашақтағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалып, Қазақстан-Финляндия  қарым-қатынасының негізгі салаларын реттейтін айтарлықтай ауқымды құжаттар топтамасына қол қойылды. Парламентаралық байланыстарды белсенділендіруге тоқтала келе, Е.Ыдырысов парламентаралық деңгейдегі сапар алмасулар біздің елдеріміз арасындағы саяси үнқатысуды дамытуда айтарлықтай маңызға ие екенін атап өтті. «Фин парламентшілерінің қызметі, олардың заңнамалық жобалармен, әсіресе, инновациялық даму, білім беру жүйесін жетілдіру, экономикаға «экологиялық» ұстаным салаларындағы жұмыс істеу тәжірибесі және жалпы мемлекет пен азаматтық қоғамды жаңғыртудағы тәжірибесі Қазақстан үшін пайдалы болуы мүмкін», деді министр. Сонымен қоса, экономика сала­сындағы ынтымақтастық белсенді сипат алғаны атап өтілді. Қазақстан мен Финляндия арасындағы өзара сауда көрсеткіші 2013 жылы 916,5 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайды. Осы орайда Қазақстан мен Финляндия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия рөлінің ерекшелігі аталды. Сондай-ақ, тараптар туризм, инновация және энергия үнемдеуші тех­но­логиялар салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелерін де назардан тыс қалдырмады. Сауда мен туризм­нің даму серпілісіне байланыс­ты біздің елдеріміз арасында тікелей әуе қа­тынасын ашудың объективті қажеттілігі туындап отырғандығына назар аударылды. Кездесу барысында тараптар көп­жақ­ты институттар аясындағы өзара ын­ты­мақтастық мәселелерін де қарастырды. Халықаралық мәселелердің негізгілері бойынша ұстанымдар жақындығы, со­нымен қатар, екі елдің теңгерімді сырт­қы саясаты атап өтілді. «Егемен-ақпарат».