Мысыр астанасы Каир түбіндегі Дахшурда қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археологтар тобы фельдмаршал ас-Сисидің арғы түп бабасы болып табылатын перғауынның құрметіне салынған ежелгі пирамиданы тапты. Бұл туралы Ras.kz хабарлады.
Мысырдың ежелгі ескерткіштер жөніндегі белгілі маманы Заки Хавас пирамиданың V әулет перғауынына тиесілі екенін мәлімдеді. «Қазба жұмыстары кезінде табылған архитектуралық ескерткіш Мысырды билеушілердің V әулетіне жататын Джедкар Исесидікі болып табылады. Оның Мысырдың қазіргі қорғаныс министрі фельдмаршал Абдель Фаттах ас-Сисиге тікелей қатысы бар, – деп түсіндірді ол. – Біз өз дәуірімізге дейінгі XXV-XXIV ғасырларда өмір сүрген перғауынның ас-Сисидің бабасы болып келуі әбден мүмкін деп есептейміз».
Ал Джедкар Исеси есімін «Раның өлмес жаны» ретінде аударуға болады екен. Бұл – аталмыш перғауынға арналған Каир түбіндегі екінші осындай ескерткіш. Саккара некрополінде сыртқы мұнарасы осыған ұқсас, «қарауыл пирамида» деген атаумен бейіт те табылды. Джедкар Исеси елді 44 жыл билепті.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Ras.kz.
Фото: EPA/AMEL PAIN.