• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2014

Диета мерзімнен бұрын босанудың алдын алуға көмектеседі

284 рет
көрсетілді

Жеміс-жидек, көкөніс, балық пен таза суды күнделікті аста жиі қолдану жүкті әйелдерге мерзімнен бұрын босанудың алдын алуға көмектеседі дейді Швеция, Норвегия мен Исландия ғалымдары. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Ғалымдардың еңбегі «British Medical» журналында жарық көрді. Олар Норвегияда 2002-2008 жылдар аралығында мерзімнен бұрын босанған 66 әйелдің дерегіне зерттеу жүргізген. Онда әйелдер өздерінің жүктілік кездеріндегі алғашқы 4-5 айда қандай тағамнан дәм татқаны туралы айтқан екен. Зерттеушілер мерзімнен бұрын босанудың алдын алуға көмектесетін үш түрлі диета ұсынып отыр. Оның біріншісі – «үнемді». Оған көп мөлшерде жеміс-жидек пен көкөніс, өсімдік майы, су мен үй құсының еті кіреді. Екінші диетаны ғалымдар «батыстық» деп атап, оның құрамына ақ нан, жартылай дайындалған өнімдер мен тәтті және тұзды тағамдарды енгізді. Ал үшінші  «дәстүрлі» диетаға картоп, балық, бұқтырылған көкөністер мен майлылығы төмен сүт жатады. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Ria.ru. Фото: Lekariy.ru.