Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 16 желтоқсан күні жергілікті сағат 20.30-ден бастап республикалық маңызы бар Орал-Атырау (Орал қаласынан Атырау облысының шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Жолдың жабылу себебі – жаңбыр, тұман, көктайғақ. БҚО ТЖ департаменті сонымен қатар 17 желтоқсан күні облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болатыны жөнінде ескерту жарияланғанын жеткізді.
Қазіргі кезде төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.