Жаңа желі Тәуелсіздік күні «Павлодар агрокешені» ЖШС-ің базасында іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz аймақтық басылымға сілтеме жасап.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодар облысының Жоба жеке инвестор мен «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының әріптестігі шеңберінде жүзеге асырылды. Осының арқасында өңірде жергілікті тазартылған күнбағыс майын өндіру басталды. Жаңа өндірістің құны 185 миллион теңгеге жуық.
- Біз қазірдің өзінде жыл сайын 5 мың тонна күнбағыс тұқымдарын өңдейміз, жаңа желі іске қосылған соң 960 тонна тазартылған май алатын боламыз, - дейді «Павлодар агрокешені» ЖШС-ің басшысы Кирилл Печенкин. – Бұрын біз өзіміздің өнімімізді Өскеменде тазартудан өткізетінбіз, бұл оның өзіндік құнына әсер ететін. Қазір бұл жұмысты өзіміз жүргіземіз. Енді біз «Жаңа май» брендін тіркеп, оны дүкендерге жеткізе бастадық.
Компания басшысымен бірге өндірісті іске қосудың символикалық тетігін Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов та басты. Ол кәсіпорын басшылығына табыс тілеп, өндірісті кеңейткен жағдайда барынша қолдау көрстеуге уәде берді.