• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2014

Тасымал алға басып тұр

275 рет
көрсетілді

«Астық-Транс» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны 2014-2015 жылдың астық тасымалдау маусымында IT-ақпараттық қолдау бірыңғай порталы түрін пайдалануды көздеп отыр. Порталда тапсырыс автоматты түрде беріледі. Кезең-кезеңімен тапсырыстың орындалуы бақыланады. Бастысы, онда тариф жайы ашық көрсетіледі. Тарифтік есеп жүргізу, тарифтік калькулятормен жүзеге асырылады. «Бұл қызмет түрі Қазақстан нарығындағы жаңа бас­тама. Тарифтің ашықтығы, вагонның қозғалысын бақылап отыру, құжаттарды барынша азайту мұның барлығы тапсырыс берушінің қысқа мерзімде жұмысын атқарып болуына көмектеседі. Жаңа астық тасымалдау кезеңіне дейін біріккен кәсіпорын бұл технологиялық мәселелерді толығымен шеше алады», дейді «Астық-Транс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Олег Рогачев. Былтырғы қыркүйекте құрылғалы бері БК республика іші мен шетелдік бағыттарға астық өнімдерін толассыз жөнелтуде. Өткен жылдың төртінші тоқсанында 1,3 миллион тонна астық тасымалдаса, оның 993 мың тоннасы экспортқа шығарылыпты. Ал ел аумағында 334 мың тоннасы тиісті жерге жеткізілген. Биылғы жыл басынан бері бір миллион тонна астық тасымалданған. Болашақта бірлескен кәсіпорын вагон паркін 10 мың данаға жеткізуді көздеп отыр екен. Бұл вагондармен астық мол шыққан жылдары 12 миллион тоннаға дейін астық тасымалдауға болады. Айта кету керек, «Русагротранс» ЖАҚ Ресейдің Кеден одағы елдері аясындағы Қара теңіз астық бірыңғай пультінің ірі операторы болып табылады. Компанияның алдында тұрған басты міндет – қарқынды дамып келе жатқан Қазақ елінің аграрлық секторын арнайы мамандандырылған жылжымалы құраммен толыққанды қамтамасыз ету және теміржолмен астық тасымалдау технологияларын жетілдіру. Ел ішінде астық тасымалдау солтүстік өңірлерден оңтүстік, батыс облыстарға қарай жүргізіледі. Қазақстандық астық негізінен экспортқа ТМД елдері мен Еуроодаққа, Таяу Шығыс, Орталық Азия елдеріне жіберіледі. Кавказ, Әзербайжан, Грузия да тұрақты тұтынушысы. «Егемен-ақпарат».