• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Коронавирус 19 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қанша адам қайтыс болды

606 рет
көрсетілді

Елімізде коронавирустан тағы 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды  Egemen.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 17 желтоқсанда ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 4 адам көз жұмды. Жалпы пандемия басталғалы вирустан 12 912 адам қайтыс болған. Барлығы тіркелді – 982 915 жағдай, жазылып шыққандар – 952 750 адам.

Сондай-ақ министрлік ақпараты бойынша, 17 желтоқсанда коронавирус белгілері бар пневмонияның жаңадан 13 дерегі тіркелді. Емделіп шықты – 24 науқас. Қайтыс болғандар жоқ. 2020 жылдың 1 тамызынан 2021 жылдың 17 желтоқсанына дейін пневмониядан барлығы 5 195 адам көз жұмды. Ауырғандар – 83 632, жазылып шықты – 75871 адам.