• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Технология 19 Желтоқсан, 2021

Türksat 5B жер серігі орбитаға шығарылды

290 рет
көрсетілді

Түркияның жаңа телекоммуникациялық жер серігі Türksat 5B ғарышқа сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұшыру АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісіндегі базадан (Cape Canaveral Space Force Station, CCSFS) Түркия уақытымен 6:58-де жүзеге асырылды.

Ғарыш кемесі орбитаға Space X Falcon 9 зымыран тасығышымен шығарылды. 

Спутникті Airbus D&S еуропалық корпорациясы жасап шығарған және ол жоғары өткізу қабілеті бар жерсерік (HTS) санатына енгізілген.

Айта кетейік, Türksat 5B ең қуатты жер серіктерінің бірі.