• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Желтоқсан, 2021

Атырауда екі күнде 56 сәби өмірге келді

1477 рет
көрсетілді

Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 16-17 желтоқсанда  дүние есігін ашқан шақалақтардың арасында 28 ұл мен 28 қыз бар, деп жазады Egemen.kz.

«Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толған мереке күні – 16 желтоқсанда  37 нәресте өмірге келді. Жас босанған аналарға Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Қазпошта» АҚ-ның облыстық филиалы шақалақтардың тууы туралы куәлігін жедел рәсімдеп берді», деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тәуелсіздік күнінде өмірге сәби әкелген жас ананың бірі – Айғаным. Махамбет ауданында тұратын жас ананың отбасы перзентіне Фатима есімін таңдаған.

«Біз үшін ұлық мерекеде сәби болу – үлкен бақыт. Енді әкесінің ерке қызы – Фатимамыз бар» дейді жас ана.

Ата-анасын зор қуанышқа бөлеген нәрестелерге Әміре, Айдай, Айшын, Нұрислам, Нұрсейіт есімдері көбірек қойылған.