Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды, деп жазады Egemen.kz.
Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.⠀Алексей Цой бұл қызметке былтыр, 2020 жылдың маусымында тағайындалған болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Сейтжанқызы министрдің кету себебін айтты.
«Өз өтініші бойынша басқа қызметке өтуіне байланысты босатылды», деді ол.
Сондай-ақ, Алексей Цой қызметтен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады:
«Құрметті достар, әріптестер! Бүгін менің азаматтық секторға көшу және ғылым мен әлеуметтік бастамалар арқылы денсаулық сақтауды дамыту туралы шешімімді қолдады.
Мемлекет басшысы COVID-19 бойынша жағдайды тұрақтандыруды, Денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттыруды тапсырды. Біз эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге ден қою үшін жағдай жасадық: әр өңірде жаңа инфекциялық ауруханалар салынды, жедел жәрдем машиналарының паркі, жасанды тыныс алу аппараттары, ауылдағы жылжымалы медициналық кешендер жаңартылды, отандық фармацевтика өнеркәсібі өнімділіктің жоғары өсуін көрсетеді, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қажетті қоры жасалды, СЭС пен зертханалық қызметтің әлеуеті артты, QazVac вакцинасы шығарылды және тағы басқалар», деді Цой
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметінен кеткен Цойға алғыс айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға белсенді жұмыс істегені, әсіресе Қазақстанда коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді», деп жазды Берік Уәли.