• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Желтоқсан, 2021

Елордада банкоматтан ақша ұрлады деген күдікпен инкассатор ұсталды

141 рет
көрсетілді

Есіл аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 27 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Тергеу барысында күдіктінің инкассатор болып жұмыс істеп, терминалдан ақша жинағаны белгілі болды. Жұмыстан шыққан ол автоматтардың бірінің кілтін бермей кеткен. Кешкі уақытта ол Magnum супермаркетіне келген.

Терминалға жақындап, құрылғыны кілтпен ашып, 3 800 000 теңге ақша алған. Сосын байқатпай ақшаны сөмкеге салып, белгісіз жаққа кетіп қалған.

Ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.