• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2014

Сапалы су – саламатты өмір кепі лі

387 рет
көрсетілді

Елбасы биылғы Жолдауында «Қарапайым адамдардың әлеуметтік жай-күйлері біздің басты мақсатқа қарай қозғалуымыздың ең маңызды индикаторы болуы тиіс», деді. «Теміржолсу» АҚ-тың негізгі мақ­саты – стансалардағы теміржолшылар мен жергілікті тұрғындарды сапалы су­мен және жылумен қамтуды көздейді. Еліміз­де 800-дің үстінде станса бар. Оның 250-нің су желілері 2000-шы жылдан бері жергілікті атқару органдарының қарауына берілген. Жамбыл, Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарының билігі бұл мәселеге дер кезінде көңіл бөліп, су жүйелеріне жақсы көзқарас қалыптастырды. Ал Ақтөбе, Шығыс Қазақстан билігінің құзырындағы стан­са­лардың су желілері қиын жағдайда тұр. Әлі күнге дейін Ақтөбенің 51 стансасының 70, Шығыс Қазақстанның 25 стансасының 80 пайызы таза сумен қамтылмаған. Себебі, бұл стансалардың сумен қамту жүйелері жергілікті биліктің балансында. Бұл нысандарды «Мөлдір бұлақ» бағдарламасына қосудың мүмкіндігі жоқ. Жол бойында еңбек ететін 160 мың­­нан астам теміржолшылар мен станса тұрғындарының таза суға сұра­нысын қанағаттандыруды ойластырған «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың президенті А.Мамин 5 жылға арналған «Мөлдір бұ­лақ» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды. Су тапшы­лығын тартып жүрген адамдардың тұрмысын жақсар­ту үшін 10 млрд. 305 млн. теңгенің инвестициялық бағдарламасын қабыл­дады. Алғашқы 2012-2013 жылдары 2 млрд. 745 млн. теңгенің жұмысы ат­қарылды. Екі жылда шаруашылық есеп әдісі бойынша 238 теміржол стансасындағы 314 сумен қамту ныса­ны мен кәріздік жүйе күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылды. Осы жұмыстарды атқарудан үнемделген қаржыға стратегиялық нысандардың күзет жүйесін құрып, белгі беру құрыл­ғылары мен бейнебақылау аппараттары орнатылды. Биыл су жүйелері мен кәріздердің санитарлық-эпидемиологиялық жағ­дайын жақсарту жұмысы жалғасады. Бұған жалпы көлемі 1412,2 млн. теңге жұмсау көзделіп отыр. Сондай-ақ, бел­гіленген бағдарлама бойынша халқы тығыз орналасқан Оңтүстік және Ба­тыс Қазақстан облыстарындағы жоба­ларды толық аяқтау жоспарланған. Маң­ғыстаудағы шалғай стансаларға су жеткізу үшін шынылы пластикалық цистерналар жасау мен орналастыру жұмыстары жүргізілмек. Ендеше, бірнеше жылдан бері жүзеге асып келе жатқан медициналық қызмет көрсететін «Денсаулық», «Саламатты Қазақстан», «Жәрдем» пойыздарының дәрігерлері атқарған, жергілікті халықты сауықтыру мақ­саттарының табысты орындалуы үшін сапалы судың қажеттігі де айдан анық. Осылай халық денсаулығын жақсартуға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға шын көңіл бөлейік. Қазіргідей алмағайып заманда, Мәңгілік Ел болу мақсатын ұстанған ұлттың денсаулығы мықты болуға тиіс. Қуат ЕСІМХА, «Теміржолсу» АҚ президенті.