• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Парламент 20 Желтоқсан, 2021

Нұрлан Нығматулин Парламентаралық Одақтың төрағасымен кездесті

277 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламентаралық Одақтың төрағасы Дуарте Пашекумен кездесіп, ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрлан Нығматулин биылғы жыл еліміз үшін айтулы кезең – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы екенін атап өтіп, бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде болып жатқан саяси жүйені реформалау, азаматтық қоғамды дамыту мәселелері туралы айтты.

Мәжіліс Спикері Парламентаралық Одақтың қызметін қолдайтынын және Ұйыммен белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін алға тартты. Сонымен қатар, Парламентаралық Одақтың іс-шаралары парламенттік дипломатияны ілгерілетудің маңызды құралы екенін және Парламент өкілдері арасындағы диалогты нығайтуға ықпал ететінін және оларға Қазақстан Парламентінің депутаттары тұрақты түрде қатысатынын атап өтті. Палата Төрағасы мәртебелі мейманның Қазақстанға сапары парламентаралық диалогты одан әрі нығайтуға және Қазақстан Парламенті мен Парламентаралық Одақ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі серпін беретініне мән берді.

Өз кезегінде, Д.Пашеку Парламентаралық Одақтың Қазақстан Парламентімен ынтымақтастығын одан әрі нығайта түсетініне сенім білдіріп, Қазақстан Еуразия құрлығындағы мемлекет ретінде, Парламентаралық Одақтың мүшесі ретінде өте маңызды ел екеніне назар аударды.

Сондай-ақ Нұрлан Нығматулин қазіргі таңда Парламентте Уәкіл институтын дамыту арқылы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, азаматтардың құқықтарын қорғау, өлім жазасы, балаларды қорғау, волонтерлік қызмет және т.б салалардағы заңнаманы жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.