• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Желтоқсан, 2021

Алматыда бас шыршаның шамы жағылды

197 рет
көрсетілді

Дәстүр бойынша рәсім ҚБТУ ғимаратының жанындағы «Астана» алаңында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа жылдың басты символының биіктігі – 22 метр.

Алматының бас шыршасын жағу рәсіміне мегаполис әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысты.

«Эстрада жұлдыздары қатысқан бұл шара қала бойынша жаңа жылдық іс-шараларды бастауға мүмкіндік берді. Мегаполистің барлық сегіз ауданында 100-ден астам фотоаймақ орнатылған, оның ішінде шыршалар, шағын сәулет нысандары және жаңа жылдық безендірудің басқа да элементтері бар», делінген Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, 21-30 желтоқсан аралығында қала әкімдігінің қолдауымен «Жаңа жылдық керуен» ұйымдастырылды. Қала қонақтары мен тұрғындарын жүк көліктерінің керуені күтеді: декорациялар, мыңдаған жарықтандыру, жарық шоулары, жарқын фотоаймақтар және үлкен сыйлықтар жәрмеңкесі. 30 мың метрден астам жарық гирляндалары, шамдар мен қызықты дизайн ешкімді бей-жай қалдырмайды. Жүк көліктерінің қозғалысы әлеуметтік желілерде жарияланады.