• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Желтоқсан, 2021

Малайзияда су тасқынынан 15 адам қаза тапты

277 рет
көрсетілді

Малайзияның батысындағы қатты су тасқынынан қаза тапқандар саны 15-ке жетті, 67 мыңға жуық адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Bernama агенттігі мәлімдеді.

Ең көп зардап шеккендер мен қираулар халық тығыз орналасқан Селангор штатында байқалды, адам өліміне әкелген ауыр шығындар Паханг штатында да тіркелді.

Малайзия Премьер-Министрі Исмаил Сабри Якоб су тасқыны салдарынан қираған инфрақұрылым мен тұрғын үй қорын қалпына келтіруге 100 миллион ринггит (23,6 миллион доллар) бөлінетінін жариялады.

Сондай-ақ, ол апат салдарынан зардап шеккен әрбір отбасы мың ринггит (236 доллар) көлемінде өтемақы алатынын айтты. Жергілікті метеорологиялық қызметтердің бағалауынша, Малайзияның батыс бөлігінде бір аптаға жуық жауған жауын соңғы 100 жылдағы ең ауыры болған.