Наурыз мейрамын мерекелеу күндері жолаушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Алматы-2 – Арыс-1» бағытындағы №61/62 қосымша жолаушылар пойызын жіберетіні жайлы хабарлайды.
Пойыз Алматы-2 стансасынан 21 және 28 наурызда, Арыс-1 стансасынан 22 және 29 наурызда жүреді. Оның құрамында 15 вагон бар, оның 6-уы купелік, 9-ы плацкартты.
Туындаған барлық сұрақтар бойынша теміржол вокзалдарының анықтамаларына немесе бірегей анықтама қызметінің 105 нөміріне хабарласуға болады.
«Егемен-ақпарат».