2021 жылғы 14 желтоқсанда республикалық бюджеттен келесі жылы субсидияланатын 23 әуе бағдарлары бойынша конкурс өтті, деп жазады Egemen.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде Түркістан қаласына 10 бағдар, Көкшетау, Петропавл қалаларында 3 бағдар, Балқаш, Үржар және Үшарал қалаларында 2 бағдар бар.
Субсидиялау өңірді дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар сипаттағы тұрақты рейстерді орындау үшін жүргізіледі. Ол бағыттарда рейстерді коммерциялық негізде орындау кіріс әкелмейді.
Тасымалдаушылар ретінде «SCAT», «Qazaq Air» және «Южное небо» әуе компаниялары анықталды.
Әуе билеттерінің бағасы 9 мыңнан 25 мың теңгеге дейін болады.