Ұлттық сараптама орталығы коронавирусқа ПТР-тест бағасын төмендетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлім етті.
Ведомство баспасөз қызметі мәліметінше, агенттік баға жағдайын бақылау және COVID-19-ға ПТР-сынама тапсыру бойынша зертханалық қызмет нарығында шара қабылдауға байланысты жұмысты жалғастырып жатыр.
«2021 жылғы 6 желтоқсанда «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК COVID-19-ға ПТР-сынама тапсыру бағасын 6400-ден 4900-ге дейін төмендетті. ҰСО республиканың 17 өңірінде қызмет көрсетеді», делінген хабарламада.
«Түркістан облысы бойынша ведомство департаменті мен Түркістан қалалық ауруханасының монополияға қарсы комплаенсі аясында медициналық мекемеде бағалар 7000-нан 4900-ге теңгеге дейін төмендетілді», деп мәлімдеді баспасөз қызметі өкілі.
Қазақстан бойынша бөлімшелер бар ірі желілік зертханаларда COVID-19-ға ПТР-тест бағасы өзгеріссіз қалады, оларда орташа есеппен баға 7400 теңге болады.