• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2014

Астрономдар ерекше жұлдызды суретке түсіріп алды

454 рет
көрсетілді

«Хаббл» телескопының мәліметтерімен жұмыс істейтін астрономдар ерекше жұлдыздар ағынын суретке түсіріп алды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады. «Көгілдір түсті жұлдыздар галактика кеңістігінен бөлініп, төмен қарай жылжып бара жатқан тәрізді», – дейді ғалымдар. Әдетте мұндай құбылыс аспан денелерінің бір-бірімен үйкелісіп, қандай да бір күш түсіру кезінде пайда болады екен. «Демек, шиыршықты галактика өзі орналасқан ортаның ішінде жоғары жылдамдықпен жылжыған болуы ықтимал», деп түсіндірді астрономдар. Яғни, бұл екеуі өзара үйкеліскен кезде жұлдыздар шоғыры галактикаға күш түсіріп, газын жойып жіберген. Сол себепті, газдан айырылған галактика «әлсірейді». Ал екі түрлі аспан денесіне тиесілі жұлдыздар бір-бірімен соқтығысса, керісінше, қайта жанданып, «шырайлана» түседі екен. Жалпы, мұндай зерттеулер галактикалардың қаншалықты өміршең екендігін анықтауға бағытталатын көрінеді. Дереккөз: Khabar.kz. Фото: Salon.su.