Қазақстандық қос спортшы каратэден Азия чемпионатының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан құрамасынан Мөлдір Жаңбырбай мен Андрей Актауов топ жарды.
50 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Мөлдір Жаңбырбай үздік атанды. Ол финалда филиппиндік Джун Цукті ұтты.
Ал ерлер арасында 55 килоға дейінгі салмақта бақ сынаған Андрей Актауов финалда арабиялық Барги Ясирдан басым түсті.