• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Желтоқсан, 2021

Жастар үшін негізгі құндылықтар қандай?

1022 рет
көрсетілді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қаралған «Қазақстан жастары – 2021: Тәуелсіздіктің 30 жылы» атты ұлттық баяндаманың тоғызыншы шығарылымы аясындағы талдау барысында жастардың қазіргі дамуының бірнеше маңызды сипаттамалары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осылайша, жастардың негізгі құндылықтары соңғы 5 жыл бойы өзгеріссіз қалды. Өткен жылдардағыдай жастар арасындағы басты құндылық-отбасы - 82,5%, екінші орында – денсаулық – 45,6%, үшінші орында – достық - 23,1%.

Сауалнамаға қатысқан жастардың 72,3% өздерінің денсаулықтарын мықты деп санайды, 44,8% үнемі профилактикалық тексеруден өтеді. Жастарды бұқаралық спортқа тарту процесінде де оң динамика бар екенін атап өткен жөн – жастардың 60,9% спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Сондай-ақ, ғылым саласында да оң динамика байқалады: соңғы 9 жылда 35 жасқа дейінгі ғалымдар саны 21% артты.

Жалпы, жастардың 78% болашаққа зор сеніммен, бірқалыпты қарайды.