Енді мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары бизнеске залал келтіргені үшін заңды түрде жекелей жауапты болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Енді мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары бизнеске залал келтіргені үшін заңды түрде жекелей жауапты болады. Бүгін Сенатта бизнесті жүргізу жағдайын жақсарту жөнінде заң қабылдады
Бизнесті жүргізу үшін оңтайлы жағдай жасау – құжаттың басты мақсаты болып табылады. Мысалы, бизнеске қойылатын қосымша талаптардың пайда болуына орай енді «1 in 2 out» қағидаты бойынша күрес жүретін болады. Бұл дегеніміз, бір жаңа талап енгізілгенде немесе бизнеске қатысты реттеуді қатаңдатқанда – бизнесті құқықтық реттеудегі сол саладан басқа екі талап алынып тасталуы тиіс.
«Бұл заң Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін әзірленді. Құжатта бизнесті қолдайтын жаңа заңнамалық шаралар ұсынылды. Соған сәйкес, бизнесті реттейтін құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау тәртібі кәсіпкерлердің заңды мүдделерін ескере отырып күшейтіледі. Бұл заң бизнесті дамытуға қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге және мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлердің қызметіне негізсіз араласуды болдырмауға бағытталған», деді Мәулен Әшімбаев.