• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Желтоқсан, 2021

Павлодар облысында мектеп автобусы өртеніп кетті

189 рет
көрсетілді

Павлодар облысында оқушылар тасымалдайтын автобус өртеніп кетті. Оқиға кезінде көлікте 6 бала болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі оқиға 23 желтоқсанда түстен кейін Ефремовка және Даниловка ауылдары арасындағы тасжолда болғанын хабарлады.

«Ашық аумақта 2007 жылғы ГАЗель толық жанып кетті. Өрт аумағы 8 шаршы метр болды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізуші мен 6 бала эвакуацияланды», деді ведомство өкілі.

Сондай-ақ, оқиға кезінде көлікте болған өртсөндіргіш қолданылмағаны нақтыланды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған», деп мәлімдеді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Оқушылар зардап шеккен жоқ. Әлеуметтік желілерде куәгерлер оқиға орнындағы видеоларды жариялады. Видеодағы жазбада тәлімгердің жүргізушімен бірге отырғаны, ал балалар өздері есікті ашып, секіргені айтылады. Бірақ облыстық ТЖД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растаған жоқ.