• RUB:
    4.97
  • USD:
    497.26
  • EUR:
    525.21
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Желтоқсан, 2021

Еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

318 рет
көрсетілді

Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 956 кәсіпорнындағы 24,5 мың жұмыскерге берілмеген 5,5 млрд теңгеден астам берешекті анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері еліміздегі кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 991 нұсқама беріліп, 133,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 23,1 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 5,3 млрд теңге төленді.