Қостанай облысында көлікті мас күйінде жүргізген мектеп директоры 14 жасар қызды қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті оқиғаның 20 желтоқсанда Жангелдин ауданының Торғай ауылында Мәуленов-Құлжанов көшелерінің қиылысында болғанын хабарлады.
«Volkswagen Polo» автокөлігін айдаған 62 жастағы жүргізуші 14 жастағы жергілікті тұрғынды қағып кетті. Зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізілді. Куәландыру нәтижелері көрсеткендей, жүргізуші алкогольді ішімдік ішкені анықталды», деп түсіндірді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.
ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабымен тіркеліп, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады», деп қосты ПД баспасөз қызметі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің қазіргі жағдайы туралы айтты.
«Жасөспірімнің диагнозы - оң жақ глютеальды аймақтың жұмсақ тіндерінің көгеруі. Ол Жангелдин аудандық ауруханасына жеткізіліп, кейін үйіне жіберілді. Ауыр дәрежелі жарақат жоқ», деді Қостанай облысы ДСБ баспасөз қызметі.
Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, оқушы өз үйінде.
Полиция департаментінің ақпараты бойынша, Ш. Уәлиханов атындағы мектеп директорына қатысты тергеу амалдарын жүргізілуде. Тергеу амалдарының қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Сондай-ақ ведомство директордың ауруханада жатқанын атап өтті.
«Директор ауруханадан шыққаннан кейін мәселе әдеп кеңесінде қаралады, ол қызметінен босатылуы мүмкін», деді Қостанай облысы УО баспасөз қызметі.