Нұр-Сұлтан қаласындағы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғимараты М.В Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің пайдалануына тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ел үкіметі Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалына жалпы ауданы 13 мың шаршы метр болатын Ауыл шаруашылығы министрлігінің 15 қабатты кеңсесін беру туралы шешім қабылдады. Бұл бізге ресейлік әріптестермен бірге басымдыққа ие мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау тізімін кеңейтуге мүмкіндік береді деп ойлаймын», деді ол өз сөзінде.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің орналасатын орны да белгілі болды. Енді ведомство елорданың сол жағалауына көшетін болды.