• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда петицияларды енгізу туралы заң жобасы әзірленді

741 рет
көрсетілді

Қазақстанда петицияларды енгізу тетіктерін қарастыратын «Кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түзетулерге сәйкес Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте сол атаумен жаңа тарау пайда болады.

Сондай-ақ тұжырымдама қабылданған «Е-петиция» бірыңғай онлайн-платформасын құру жоспарлануда.

Заң жобасы петиция ұғымын келесідей анықтайды: «Бұл мемлекеттік органға, жергілікті өкілді және атқарушы органға электронды түрде жіберілген ұжымдық хабарлама, жауап немесе ұсыныс».

Оны тек Қазақстан азаматтары ғана бере алады.

Өтініш беруші петицияны мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті орган айқындайтын интернет-ресурс арқылы береді

Орналастыру шарттарына сәйкестігін тексеретін және барысын бақылаушы, яғни, модератор  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болады.

Заң жобасының құжаттамасын мына сілтеме арқылы көруге болады.