• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Желтоқсан, 2021

Атырау облысында жел электр станциясы іске қосылады

669 рет
көрсетілді

Атырау облысының аудандарының бірінде жел электр станциясы іске қосылады. Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин онлайн-брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Электр станциясы «Атырау-Мақат» тас жолының оң жағында орналасқан. Қуаты - 48 мегаватт. Құрылыс барысында 12 адам жұмыспен қамтылған. Жоба аяқталғаннан кейін жел электр станциясында 50 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда», деді Шәкір Кейкин.

Оның айтуынша, Мақат ауданында газды кешенді дайындау қондырғысы салынуда. Жоба Қашаған кен орнында жылына 1 млрд текше метрге газ өндіруге мүмкіндік береді.

«Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына 2500 адам жұмылдырылған. Жоба іске қосылған кезде 450 адам жұмыспен қамтылады. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады деп күтілуде», деді Шәкір Кейкин.