«Қазгидромет» РМК-сы 27-желтоқсандағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 желтоқсанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеі деп күтіледі.
Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с болады. Күндіз 27 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі.
Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Көкшетауда 27 желтоқсанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с, жаяу бұрқасын болады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
Оралда түнде жаяу бұрқасын болады. Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде жылдамдығы секундына 15-20 м/с, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 25 м/с, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Ақтөбеда жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с. Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында бұрқасын, тұман түседі.
Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с. Қарағанды облысының орталығында тұман түседі.
Түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. 27 желтоқсан күндіз оңтүстіктен жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с. Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Шымкентте түнде тұман түсіп, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Қызылордада 27 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі. 27 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады.
Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 облыстың батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Петропавлда күндіз жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.