Әлеуметтік желілерде балабақша тәрбиешісі балаларға қол көтергені туралы видео пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған факт ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Қылмыстық іс материалдары Жетісу аудандық ПБ өндірісінде.
«Тергеу аясында өрескел фактілердің мән-жайлары міндетті түрде зерттеліп, тәрбиешінің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, соған сәйкес ол жауап береді», деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.