• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Наурыз, 2014

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы №713

855 рет
көрсетілді

2013 жылғы 13 желтоқсан,  Астана қаласы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісін жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін айқындау мақсатында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкім­шілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкім­шілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитет­терінің төрағалары, департаментерінің және дербес басқармаларының, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары: 1) осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуі, Нұсқаулықта көзделген қызметтік құжаттаманы дайындауды ұйымдастырсын; 2) осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастырсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Е.З.Тұрғұмбаевқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі. Министр полиция генерал-лейтенанты Қ.ҚАСЫМОВ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 713 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулық 1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісін жүзеге асыру рәсімін тәртібін нақтылайды. 2. Ішкі істер органдары бөліністерінде (бұдан әрі – ІІО) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті әкімшілік практика бөлімдері (бөлімшелері, топтары) (бұдан әрі – әкімшілік практика бөліністері), не болмаса көрсетілген функциялар міндеттеріне кіретін қызметкерлер (бұдан әрі – жауапты қызметкерлер) жүргізеді. 3 Осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама (бұдан әрі – хаттама), осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулы (бұдан әрі – қаулы), осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алынған жүргізуші куәлігінің орнына берілетін уақытша куәлік (бұдан әрі – уақытша куәлік) бланкілері қатаң есептіліктегі құжаттар болып табылады. 4. Хаттаманың, уақытша куәліктің бланкілерінде бір облыс шегінде (республикалық маңызы бар қала, астана) бірыңғай нөмірі және осы өңірдің мемлекеттік нөмірлік белгілеріндегі сандық белгілеуге сәйкес сериясы болуы тиіс. 5. Қатаң есептіліктегі бланкілердің келіп түсуін және беруді әкімшілік практика бөлінісі не болмаса жауапты қызметкер осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қатаң есептіліктегі бланкілердің келіп түсуі және шығысталуы журналында жүргізеді. 6. Бүлінген қатаң есептіліктегі бланкілерді қатаң есептіліктегі бланкілердің бар болуы және дұрыс шығысталуын тексеру кезінде ІІО құрылымдық бөлінісінің басшысы әкімшілік практика бөлінісіне немесе жауапты қызметкерге есепке алу және есептен шығару үшін береді. 7. Хаттама және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша қаулы оларға қоса берілген материалдармен бірге әкімшілік істі құрайды. 8. Әкімшілік істер толтырылғаннан кейін тәулік ішінде ІІО құрылымдық бөлінісінің басшысына, ал саптық бөліністерде - ауысым аяқталғаннан кейін взвод командиріне тапсырады, ол олардың толтырылуының дұрыстығын және негізділігін, енгізілген қаулының заңдылығын, әкімшілік іс бойынша өндірісті қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тексереді. Тексерілгеннен кейін әкімшілік істер ІІО құрылымдық бөлінісі басшысының (взвод командирінің) «Тексерілді. Ескертулер жоқ» деген қолымен расталады, Әкімшілік істерді есепке алу журналына осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес тіркеледі және қолхат арқылы әкімшілік практика бөлінісіне немесе жауапты қызметкерге тапсырылады. 9. Әкімшілік практика бөлінісінің қызметкері немесе жауапты қызметкер әкімшілік істі қабылдау кезінде: 1) хаттаманың және өзге де іс жүргізу құжаттарының дұрыс толтырылуын, салынған жазалаулардың Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі (бұдан әрі - Кодекс) санкцияларына сәйкестігін, материалдардың толықтығын тексереді, қажет болған жағдайда қосымша мәліметтерді жинақтауды жүзеге асырады; 2) әкімшілік істерді Әкімшілік істерді тіркеу журналына осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, әкімшілік істерді есепке алу бойынша ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйеге және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕАК) «Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе» (бұдан әрі - «ББСЖ») есепке алу жүйесіне тіркейді; 3) егер әкімшілік істерді қарау мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттардың, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың құзыретіне жатқызылған болса, әкімшілік істерді толтырған сәттен бастап үш тәулік ішінде оларды сотқа жолдайды. Құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік әкімшілік қамауға әкеп соқтыратын әкімшілік істер оны толтырғаннан кейін сотқа жолданады; 4) ІІО құзыретіне жататын, оның ішінде әкімшілік істерді қарау кезінде қатысуы қажет адамдарды шақыру жөніндегі әкімшілік істерді қарау бойынша шаралар қабылдайды. Адамдарды шақыру фактісін растайтын құжаттар әкімшілік істерге қоса тігіледі; 5) әкімшілік істер бойынша енгізілген қаулыларды орындау бойынша шаралар қабылдайды. 10. Соттардың қарамағына берілген әкімшілік істер осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Алфавиттік журналға тіркеледі, онда әкімшілік практика бөлінісінің қызметкері не жауапты қызметкер әкімшілік істі сотқа жолдағаннан кейін, тиісті бағанға ілеспе хаттың шығыс нөмірін және жіберілген күнін көрсете отырып, «сотқа жолданды» деген жазба жүргізеді. 11. Әкімшілік істердің ведомстволық автоматтандырылған есебі жүзеге асырылатын ішкі істер органдары бөліністерінде журналдарды жүргізу міндетті емес. 12. Әкімшілік істерді есепке алу жөніндегі ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйе «ББСЖ» есепке алу жүйесімен біріктірілген кезде әкімшілік істерді «ББСЖ» есепке алу жүйесінде тіркеу жүзеге асырылмайды. Бұл жағдайда әкімшілік істерді тіркеу, есепке алу және беру компьютерден басып шығару (квеста) бойынша жүргізіледі, олар тиісті істерге тігіледі. Тіркелген әкімшілік істердің компьютерден басып шығарған даналары жеке істерге қалыптастырылады. 13. Ұсталған көлік құралдарын тіркеу және есепке алу үшін әкімшілік практика бөлінісі не жауапты қызметкер осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұсталған көлік құралдарын тіркеу журналын жүргізеді. Ұсталған көлік құралдарын арнайы алаңнан немесе тұрақтардан беру кезінде ұсталған көлік құралын беруге рұқсат беру осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады, ол көлік құралының иесіне қол қою арқылы беріледі. 14. Алынған мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілері (бұдан әрі – МНТБ) осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес Алынған МТНБ тіркеу журналына тіркеуге және есепке алуға жатады. 15. Басқа ІІО келіп түскен әкімшілік істер осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Басқа ІІО келіп түскен әкімшілік істерді тіркеу журналына тіркеледі. 16. Бөліністің ішінде әкімшілік істер қоса берілген құжаттармен бірге қызметкерден қызметкерге осы Нұсқау­лыққа 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарату кітабы (бұдан әрі – тарату кітабы) бойынша қол қою арқылы беріледі. 17. ІІО басқа бөліністеріне әкімшілік істер тапсырыс хат-хабарлармен жіберіледі немесе тарату кітабы бойынша беріледі, бұл туралы тиісті бағанға белгі қойылады. 18. Әкімшілік істер, алынған МТНБ сейфтерде (металл шкафтарда) сақталады. Сейфтердің (металл шкафтардың) сенімді құлыптары болуы тиіс және олар мөрленуі қажет, олар рұқсат тек әкімшілік практика бөлінісінің қызметкерлерінде немесе жауапты қызметкерде ғана болуы тиіс. 19. Әкімшілік практика бөлінісінің басшысы не жауапты қызметкер: 1) мыналарды: әкімшілік істерді салынған қаулыларды орындау бойынша шаралар қабылдау үшін (Кодексте көзделген жағдайларда – қарау үшін) құқық бұзушының тұрғылықты жері бойынша ІІО-ға; айыппұлдар салу туралы қаулыны жұмыс орны немесе жауапкершілікке тартылған адам сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымға оның жалақы немесе өзге де кірістерінен мәжбүрлі түрде айыппұл сомасын ұстап қалу үшін; айыппұлдар салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату үшін мемлекеттік сот орындаушысына уақтылы жіберуді. 2) мыналарды: ІІО бөліністерінің қатаң есептіліктегі бланкілердің бар болуы және дұрыс шығысталуын; ІІО бөліністерінің есепті деректерімен бюджетке түсетін айыппұлдар сомалары бойынша салық органдарымен; ІІО деректерімен медициналық куәландыру мекемелеріне жеткізілген адамдар бойынша; сотқа жіберілген және келіп түскен әкімшілік істерді; қамау түріндегі әкімшілік жазалау туралы енгізілген және орындалған соттардың қаулыларын; жұмыс орны немесе жауапкершілікке тартылған адам сыйақы, зейнатақы, стипендия алатын ұйымға оның жалақы немесе өзге де кірістерінен мәжбүрлі түрде айыппұл сомасын ұстап қалу үшін жіберілген қаулыны орындау бойынша; атқару өндірісі органдарымен жіберілген және мәжбүрлі тәртіпте орындалған қаулыларды; ІІО-да тіркелген әкімшілік істерді ҚСжАЕК деректерімен (тоқсан сайын) ай сайынғы салыстыра тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді. 20. Жүргізілген салыстыра тексерудің нәтижелері тиісті актімен өздігімен ресімделеді. Салыстыра тексеру нәтижелері туралы әкімшілік практика бөлінісінің басшысы не болмаса жауапты қызметкер ІІО басшысына баянат арқылы баяндайды, ол заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тексеріс тағайындайды. 21. Әкімшілік практика бөліністерінде әкімшілік өндірістің заңдылығы мен уақтылығын бақылауды төменгі тұрған органдарға қатысты жоғары тұрған орган жүзеге асырады. 22. Аумақтық, көліктегі ішкі істер департаменттерінің және Ішкі істер министрлігінің ( бұдан әрі – ІІМ) Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары жылына кемінде бір рет төменгі бөліністердің әкімшілік қызметінің жай-күйіне кешенді тексерісті ұйымдастырады. 23. Кешенді тексеріс барысында: 1) қызметкерлердің әкімшілік заңнаманы, осы Нұсқаулықты және ІІО әкімшілік қызметті реттейтін Қазақстан Республикасы ІІМ-нің өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу деңгейі; 2) әкімшілік істер бойынша өндірісті жүргізудің жай-күйі және тәртібі, оның Кодекс талаптарына сәйкестігі; 3) әкімшілік істер бойынша қабылданған шешімдердің заңдылығы мен негізділігі; 4) әкімшілік практиканың тиімділігі; 5) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын, өтініштерін, әкімшілік істер бойынша қаулыларға прокурорлардың наразылықтарын қарау сапасы және мерзімдері; 6) енгізілген шешімдерді орындау тәртібі және толықтығы; 7) әкімшілік қызметке ІІО құрылымдық бөліністері басшыларының тарапынан бақылауды ұйымдастыру; 8) қатаң есептіліктегі бланкілерді шығыстауға бақылауды жүзеге асыру; 9) әкімшілік практиканың жай-күйін ІІО басшыларының жанында қараудың мерзімділігі, қабылданған басқарушылық шешімдердің өзектілігі, олардың түпкілікті нәтижелерге ықпалы тексеріледі. 24. Тексеріс нәтижелері бойынша тексеру жүргізген лауазымды адамдар және тексеру жүргізілген ІІО бөліністерінің басшылары қол қоятын анықтама жасалады. 25. Құқық бұзушылықтар туралы өндіріспен аяқталған материалдар істерге тігіліп, әкімшілік практика бөліністерінің мұрағаттық үй-жайларында (шкафтарында) немесе ІІО мұрағаттарында сақталады. 26. Істердегі парақтар нөмірленеді және соңғы парағында нөмірленген парақтардың саны туралы растау қолы қойылады. Әрбір істің мынадай мәліметтерден тұратын: құқық бұзушының тегі және аты-жөні, хаттаманың нөмірі, Кодекстің бабы, әкімшілік құқық бұзушылықтың түрі, салынған айыппұл сомасы, парақтар нөмірі жазылған тізімдемесі болуы тиіс. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша Нысан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ___№___________ХАТТАМА 20_ жылғы «__» ______ _________ сағ. ____________ мин. __________________________ (толтырылған жері) Хаттаманы толтырған адамның лауазымы, атағы, тегі және аты-жөні________________________________ ______________________________________________________________________________________________ Оған қатысты іс қозғалған адам туралы мәлімет: Жеке тұлғалар үшін: Тегі Аты Әкесінің аты Азаматтығы:__________________ Туған күні және жері:_________________________ Тұрғылықты жері: _____________________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжат: ______________________________________________________ (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, берілген күні, кім берді) ЖСН №________________________________Жұмыс орны: ________________________________ Заңды тұлғалар үшін: Атауы: _______________________________________________________________________________ Заңды мекенжайы: _____________________________________________________________________ Мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні: ________________________________ БСН № _____________ Көлік құралының маркасы: ________________________________ МТНБ ______________________ Бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтары немесе (және) соттылығының болуы туралы мәліметте _____________________________________________________________________________________ (жасалған күні, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің бабы) Қаралатын іс бойынша өндірісті жүргізу тілі белгіленсін: ____________________________________ Әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған орны, уақыты және мәні: ________________________________ _____________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________ осылайша, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс_______ бабының ________бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған. Метрологиялық тексерудің атауы, нөмірі, күні, техникалық құралдың көрсеткіштері: ____________ ______________________________________________________________________________________ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндіріске қатысушылар туралы мәліметтер: куә, куәгер, жәбірленуші, жеке (заңды) тұлғаның заңды өкілі, қорғаушы, аудармашы (қажетінің астын сызу керек) 1. ____________________________________________________________________________________ (адамның тегі, аты-жөні және тұрғылықты жерінің мекенжайы) 2. ___________________________________________________________________________________ Құқықтары мен міндеттері түсіндірілді: 1.____________________ 2. ___________________ (қолы) (қолы) Жеке тұлғаның (заңды тұлға өкілінің) түсініктемесі: ________________________________________ ______________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________ ________________________ (қолы) Істі шешу үшін қажетті өзге де мәліметтер: ________________________________________________ (адамға қатысты қолданылған өндірісті қамтамасыз ету шарасы; ______________________________________________________________________________________ Дербес жалақысы жоқ, 16-дан бастап 18-ге дейінгі жастағы адамға қатысты хаттама толтырылған жағдайда ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың тегі, аты-жөні, ______________________________________________________________________________________ тұрғылықты жері және жұмыс орны, атқаратын лауазымы; және басқа да мәліметтер) ______________________________________________________________________________________ Хаттамаға қоса беріледі: ________________________________________________________________ (хаттамаға қоса берілетін құжаттар мен заттардың тізбесі) ______________________________________________________________________________________ Істі қарау үшін: ________________________________________________________________________ (уәкілетті органның толық атауы) _______________________________________________мекенжайы бойынша «___»_________20___ж. ____ сағат____ мин. келу қажет. Қолдары: хаттаманы толтырған адам _____________________________________________________ жәбірленуші (жәбірленушілер) _____________________________________________________ куә ____________________________________________________________ куәгерлер 1. _____________________ 2. __________________________ Заңгерлік көмек қажет / қажет емес (қажетінің асты сызылады) ______________________ (қолы) Аудармашы қажет / қажет емес (қажетінің асты сызылады) ______________________ (қолы) Хаттамамен таныстым, көшірмесін алдым 20___жылғы «___»___________________ ____________ (қолы) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 584-бабында көзделген құқықтар мен міндеттер маған түсіндірілді. ______________________ (қолы) Уақытша куәлік алдым 20___жылғы «___»___________________ ____________ (қолы) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша Нысан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша ҚАУЛЫ 20____ жылғы «____»____________ ______________________________________ (істі қарау орны ) Қаулыны енгізген адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні __________________________________ ______________________________________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 543, 650, 651-баптарына сәйкес, Жеке тұлға: ___________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) Туған күні және жері: ____________________________________________________________________ Тұрғылықты жері: _______________________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжаты: _______________________________________________________ (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, берілген күні, кім берді) ЖСН № __________________________ Жұмыс орны: ________________________________________ Заңды тұлға: Атауы: _______________________________________________________________________________ Заңды мекенжайы: _____________________________________________________________________ Мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні: _____________________________ БСН № __________жасаған құқық бұзушылық туралы әкімшілік өндірісті қарап, Қаралатын іс бойынша өндірісті жүргізу тілі белгіленсін: ____________________________________ ____________________________________________________________________________________(Әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған орны, уақыты және мәні) ______________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________ әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда көрінген, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс_______ бабының ________бөлігін бұзғаны үшін ҚАУЛЫ ЕТТІМ _____________________________________________________________________________________ (жеке тұлғалар үшін –тегі, аты, әкесінің аты; заңды тұлға үшін – толық атауы) сомасы ___________________________________________________теңге әкімшілік айыппұл салуға. (сомасы толық жазылады) ______________________________________________________________________________________ (қаулыны енгізген адамның лауазымы, атағы, тегі және аты-жөні, қолы) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 707- бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам айыппұлды қаулының заңды күшіне енген күннен бастап күннен кешіктірмей төлеуі тиіс. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды айыппұл салу туралы қаулыны енгізген органға (лауазымды адамға) хабарлай отырып, жеке тұлға немесе заңды тұлға __________________________________банктің есеп шотына енгізеді немесе аударады . Айыппұлды белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 708, 709- баптарының ережелері қолданылады. Осы қаулыға жоғарғы тұрған органға (лауазымды адамға) прокуратураға немесе сотқа 10 күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 656, 657-баптарына сәйкес шағымдану мүмкін. ҚОЛХАТ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы көшірмесін алдым, айыппұлды төлек тәртібі маған түсіндірілді 20___ жылғы «___» ___________. _____________________________ (қолы) Алынған _________________________ алдым 20___ жылғы «___» ___________. _________________ (алынған заттар мен құжаттар көрсетіледі) (қолы) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша Нысан Алынған жүргізуші куәлігінің орнына берілетін уақытша куәлік ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА РЕСПУБЛИКАСЫ KZ КАЗАХСТАН Уақытша куәлік көлік құралдарын басқару үшін Қазақстан Республикасы ӘКБтК ___________ бабы бойынша 20___ ж. «___» _______ алынған ________ сериялы ___________ нөмірлі жүргізуші куәлігінің орнына беріледі. Временное удостоверение выдано на право управления транспортными средствами взамен водительского удостоверения серии ________ № _______________, изъятого «___» _________ 20___ г. по ст. ___________ КРКоАП. Жеке басын куәландыратын құжаты бар болған кезде берілген күннен бастап 30 тәулік мерзімге жарамды. Действительно в течении 30 суток со дня выдачи при наличии документа удостоверяющего личность. Кім берді ____________________________________ (куәлік берген адамның лауазымы, атағы, аты-жөні) Кем выдано __________________________________ (должность, звание, фамилия и инициалы лица, выдавшего удостоверение) «___» _______20___ ж.; г._______________________ (берілген күні, лауазымды адамның қолы; дата выдачи, подпись должностного лица) Жарамдылық мерзімі 20___ ж. «___» _________ дейін ұзартылды. Срок действия продлен до «___» _________ 20___ г. М.О. М.П. _____________________________________________________ (уақытша куәліктің жарамдылық мерзімін ұзартқан адамның қолы, лауазымы, атағы, аты-жөні; подпись, должность, звание, фамилия и инициалы лица, продлившего срок действия временного удостоверения) УАҚЫТША PERMIS ВРЕМЕННОЕ КУӘЛІК DE CONDUIRE УДОСТОВЕРЕНИЕ 01 № 0000000 (уақытша куәліктің сериясы және нөмірі; серия и номер временного удостоверения) 1.__________________________________________ (тегі; фамилия) 2.__________________________________________ (аты, әкесінің аты; имя, отчество) 3.__________________________________________ (туған күні және жері; дата и место рождения) 4.___________________________________________ (тұрғылықты жері, место жительства) 5. Жарамдылық мерзімі: Действительно до: «___» _________ 20___ ж.; г. 6. Рұқсат етілген санаттары: Разрешенные категории: Фотоға А; В; С; Д; Е арналған орын; (керек емесін сызып Место для тастаңыз; ненужное фото вычеркнуть) М.О. М.П. Фотосуретті иесі өз қалауы бойынша өздігімен қоса береді Фотография прилагается владельцем самостоятельно по его желанию Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша Нысан Қатаң есептіліктегі бланкілердің кірісі және шығысталу журналы Басталды: 20___жылғы «___»________ Аяқталды: 20___жылғы «___»________ I бөлім. Бланкілердің кірісі (бастапқы 10 парақ) № р/с Келіп түскен күні Бланкілер қайдан келіп түсті негіздеме (ілеспе құжаттың, сенімхаттың және басқалардың нөмірі) Бланкілердің атаулары Саны Сериясы № ___бастап № ______ дейін Бланкілерді алдым (лауазымы, тегі, аты-жөні, қолы) II бөлім. Бланкілердің шығысталуы (11- парақтан бастап және одан әрі) № р/с Берілген күні Бланкілердің атаулары Саны Сериясы № ___бастап № ______ дейін Бланкілерді алдым (лауазымы, тегі, аты-жөні, қолы) Салыстыра тексеру нәтижелері туралы белгі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша Нысан Әкімшілік істерді есепке алу журналы Басталды: 20___жылғы «___»________ Аяқталды: 20___жылғы «___»_______ № р/с Хаттама № Толты-рылған күні Құқық бұзушының тегі, аты-жөні Құқық бұзушылық түрі (ӘҚБтК бабы) Қоса берілген құжаттар Әкімшілік практика бөлінісі қызметкерінің немесе жауапты адамның әкімшілік істі алғаны туралы қолы Әкімшілік істі алған күні Ескертпе   Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулыққа 6-қосымша Нысан Әкімшілік істерді тіркеу журналы Басталды: 20___жылғы «___»________ Аяқталды: 20___жылғы «___»_______ № р/с Хаттама № Құқық бұзушының тегі, аты-жөні Туған күні Құқық бұзушылық түрі (ӘҚБтК бабы) Қоса берілген құжаттар Аза-мат-тығы Жұ-мыс орны Істі қарау күні және іс бойынша қабылданған шешім Іс бойынша қабылданған шешімді орындау күні Қаулы орындалғаннан кейін істі сақтайтын томның нөмірі немесе іс қайда жолданды (органның, бөліністің атауы, шығ. №, күні) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулыққа 7-қосымша Нысан Алфавиттік журнал (сотқа бағынысты әкімшілік істі тіркеуге арналған) Басталды: 20___жылғы «___»________ Аяқталды: 20___жылғы «___»_______ № р/с № хаттама Құқық бұзушының тегі, аты-жөні Құқық бұзушылық түрі (ӘҚБтК бабы) Қабылданған шешім Жолданған күні, шығыс № Істі жолдаған лауазымды адамның тегі, аты-жөні Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулыққа 8-қосымша Нысан Ұсталған көлік құралдарын тіркеу және есепке алу журналы Басталды: 20___жылғы «___»________ Аяқталды: 20___жылғы «___»_______ № р/с Ұсталған күні және уақыты КҚ маркасы МТНБ КҚ тиесілігі Ұстауға негіздеме (ӘҚБтК бабы және басқалар) Хаттама № КҚ ұстаған адамның лауазымы, тегі, аты-жөні Кестенің жалғасы КҚ алуға рұқсат беру күні КҚ алуға рұқсат беруге негіздеме КҚ алуға рұқсат алған адамның тегі, аты-жөні Рұқсат алу туралы қолы КҚ алуға рұқсат берген адамның лауазымы, тегі, аты-жөні Ескертпе Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулыққа 9-қосымша Нысан Ұсталған көлік құралын беруге рұқсат №______ ________________________________көлік құралын беруді сұраймын (маркасы) Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі _______________________ Құжаттың атауы ________________сериясы ________нөмірі__________ Алушының тегі, аты жөні______________________________________________ Ұстау себебі _______________________________________________ _______________________________________________________________________________ (рұқсат берген лауазымды адамның лауазымы, атағы, тегі, аты жөні) 20___ жылғы «____»____________ ___________________________М.О. (лауазмды адамның қолы) 20___ жылғы «____»____________№_________акті бойынша ұсталған көлік құралы 20___ жылғы «____»____________берілді. _____________________________________________тұрақ бойынша кезекші (тегі, аты-жөні) _____________ (қолы ) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулыққа 10-қосымша Нысан Алынған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерді тіркеу журналы Басталды: 20___жылғы «___»__________ Аяқталды: 20___жылғы «___»__________ № р/с МТНБ Алынған күні МТНБ алған қызметкердің тегі, аты-жөні, лауазымы атағы Алу себебі (ӘҚБтК) Хаттаманың № толтырылған күні Қабылданған шешім МТНБ алғаны туралы жүргізушінің қолы   Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулыққа 11-қосымша Нысан Басқа ІІО келіп түскен әкімшілік істерді тіркеу журналы Басталды: 20___жылғы «___»________ Аяқталды: 20___жылғы «___»________ № р/с Келіп түскен күні Қайдан келіп түсті Хаттаманың № және сериясы Қоса берілген құжаттар Құқық бұзушылық түрі (ӘҚБтК бабы) Материалды алған адамның лауазымы, тегі, қолы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулыққа 12-қосымша Нысан Әкімшілік істерді тарату кітабы Басталды: 20___жылғы «___»________ Аяқталды: 20___жылғы «___»_______ № Р/с Күні Хаттама № Қоса берілген құжаттар Әкімшілік істі алған адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні Әкімшілік істі алған адамның қолы Ескертпе Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 21 қаңтарда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9074 болып енгізілді.