• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Наурыз, 2014

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығы №08-1-1-1/669

238 рет
көрсетілді

2013 жылғы 30 желтоқсан,  Астана қаласы «Қайтыс болған адамдардың сүйегі салынған табыттар мен сауыттарды Қазақстан Республикасына жіберу үшін ресімдеу Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы №262 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бұйырамын: 1. «Қайтыс болған адамдардың сүйегі салынған табыттар мен сауыттарды Қазақстан Республикасына жіберу үшін ресімдеу Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы №262 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде №1385 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені» журналында 2001 жылы жарияланған, №14, 363-құжат) күші жойылды деп танылсын. 2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Қ.САРЫБАЙ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Е.БАЙЖҮНІСОВ. 2014 жылғы 11 қаңтар.