• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Наурыз, 2014

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №4-1/220

221 рет
көрсетілді

2013 жылғы 13 мамыр, Астана қаласы Субсидиялауға жататын элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатудың 2013 жылға арналған шекті бағаларын бекіту туралы «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 17)-тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қосымшаға сәйкес субсидиялауға жататын элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатудың 2013 жылға арналған шекті бағалары белгiленсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Министр А.МАМЫТБЕКОВ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 13 мамырдағы №4-1/220 бұйрығына қосымша Субсидиялауға жататын элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатудың 2013 жылға арналған шекті бағалары Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің атауы Субсидиялауға жататын элиталық тұқымдар мен көшеттердің бір тоннасын (данасын) сатудың шекті бағасы, теңге Жүгері: кеш пісетін, орташа кеш және орташа пісетін бірінші ұрпағының будандары, бірінші көбейтілген будандық популяциялар ерте пісетін бірінші ұрпағының будандары, бірінші көбейтілген будандық популяциялар 249 736,0 235 254,0 Күріш 78 011,0 Күнбағыс: элиталық тұқымдар бірінші ұрпағының будандары 374 573,0 332 573,0 Қант қызылшасы 3 162 450,0 Бірінші көбейтуді қоса алғанда мақта 105 000,0 Жеміс дақылдарының көшеттері 320,0 Жүзім көшеттері 250,0 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 29 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8488 болып енгізілді.