• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 29 Желтоқсан, 2021

«Астана Операға» жарылғыш зат «қойып кеткен»

382 рет
көрсетілді

«Астана Опера» театрының әкімшілігіне ғимаратқа қойылған жарылғыш зат туралы хабар келіп түсті. Театрдың баспасөз қызметі де бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана Опера» баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 11:45-те әкімшілікке театр ғимаратында орнатылған қолдан жасалған мина туралы хабар түсті. Театр қонақтары мен ұжымы ғимараттан дереу эвакуацияланды.

Полиция қызметкерлері хабарлағандай, театрдан жарылғыш зат табылған жоқ. 

Қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты.