• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Желтоқсан, 2021

2021 жылы COVID құрбандарының саны екі есе көп болды

267 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус биыл әлемде COVID құрбандарының саны пандемия басталған 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДСҰ басшысы 2020 жылы 1,8 миллион адам қайтыс болса, 2021 жылы 3,5 миллион адам қайтыс болғанын және нақты саны әлдеқайда жоғары екенін айтты.

«Бұл – вирустың ұзақ мерзімді әсеріне тап болған миллиондаған адамды қоспағандағы көрсеткіш. Бірақ әлі де биыл пандемияның қиын кезеңін аяқтап қана қоймай, денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздікті нығайту мәселесін дамыта алатынымызға сенімдімін. Ұжымдық күресті жақсартпасақ, бұл вирус дамып, денсаулық сақтау жүйелеріне қауіп төндіреді», деді Тедрос Адханом Гебрейесус.

Оның айтуынша, «дельта» және «омикрон» штамдары екі есе қауіп төндіреді. Сондай-ақ бұл жағдайлардың санын рекордтық деңгейге дейін арттырып, ауруханаға жатқызу дерегі мен қайтыс болғандар саны күрт артуына әкеледі. 

Вакцина мәселесінде ДСҰ-ға мүше 194 мемлекеттің 92-сі 40 пайызға жетпегені айтылды. Бұл көбінесе табысы төмен елдерде байқалады. Гебрейесус 2022 жылы шілденің басында барлық елде халықтың 70 пайызы толығымен вакцина алғанын қалайтынын айтты.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебрейесус «дельта» мен «омикрон» штамдары жағдайды ушықтыруы мүмкін екенін айтқан болатын.