• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №211

213 рет
көрсетілді

2014 жылғы 11 наурыз Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы  7 маусымдағы №520 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы» Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы №520 қау­лы­сына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №36, 304-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының тауарлар­дың жекелеген түрлеріне кедендік әкету баждарының ставкаларында: «2709 00 900 9 Шикі мұнай – 60 доллар 60 доллар» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «2709 00 900 9 Шикі мұнай – 80 доллар 80 доллар». 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкімет қабылдайтын сыртқы сау­да қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі         С.АХМЕТОВ.