• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2014

Асқар Жұмағалиев Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

286 рет
көрсетілді

Үкімет қаулысымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі хабарлады. А. Қ. Жұмағалиев 1972 жылы туған. Суворов училищесін, Харьков ракета әскерлерінің жоғары командалық – инженерлік училищесін,Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған. Көлік және коммуникация министрлігінде Байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы, Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы болды. Сонымен бірге, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі құрылған сәтте төраға орынбасары, одан кейін төраға міндеттерін атқарды. 2005 жылдың мамырынан бастап, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болды. Ал 2006 жылы  Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.2006 -2010 жылдар аралығында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет атқарған. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2010 жылы Байланыс және ақпарат министрі және 2012 жылы Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл»  медалімен марапатталған және оған 2005 жылы «Құрметті байланысшы» атағы берілді. Сондай-ақ,  «Ю.А.Гагарин атындағы алтын медаль»  мен «Құрмет» орденінің иегері. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: Egemen.kz. Фото: Primeminister.kz.  
Соңғы жаңалықтар