Қазақстандық теннисші Дохада 15 мың доллар жүлде қорын құраған ITF World Tennis Tour M15 сериялы турнирде бірден екі титулды жеңіп алу мүмкіндігін жіберіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдымен ол жартылай финалда Швециядан келген турнирдің бірінші ракеткасы Драгос Мадарасқа 1:6, 3:6 есебімен жол берді.
Содан кейін Тайпейдің өкілі Рэй Хо дуэтпен жұптық разрядтың финалдық матчында француздар Тео Аррибаж пен Лука Санческе 5:7, 4:6 есебімен ұтылды.