Бүгін, 12 наурыз күні Астана вокзалында жолаушыларға арналған электронды сату орталығы ашылды. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі хабарлады.
Электронды сату орталығы - халыққа қолма-қол немесе электронды ақша арқылы және автоматтандырылған қызмет көрсету кассалары арқылы билет сатудың жаңа әдісін ұсынады. Сондай-ақ, онда жолаушылар ақпараттық тақтадан пойыздар кестесі мен бос орындар туралы біле алады. Мұнан өзге, кеңесшілердің көмегіне жүгіне алады. Бұл жаңа қызмет кассалардағы кезекті азайту мақсатында ашылып отыр.
Нұрбай Елмұратов.
Дереккөз: Egemen.kz.
Фото: Newskaz.ru.