• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Қаңтар, 2022

Қазақстанға ҰҚШҰ-ның ұжымдық бітімгерлік күштері келуде

682 рет
көрсетілді

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы мен осы ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды  Egemen.kz.

«ҚазАқпарат» ХАА таратқан ақпарат бойынша, ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдиновтың хабарлауынша, 2022 жылдың 6 қаңтарында ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась пен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян телефон арқылы сөйлесті.

С.Зась Қазақстан Республикасындағы жағдай туралы айтып, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін елімізге ҰҚШҰ-ның ұжымдық бітімгерлік күштерін жіберу туралы шешімінің қалай орындалып жатқанын жеткізді. Қазіргі таңда Ресейдің әуе-ғарыш күштерінің әскери-көлік ұшақтарымен бітімгерлік күштері жеткізіліп жатыр.

ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің басты міндеті маңызды мемлекеттік нысандарды қорғау, ҚР құқық қорғау органдарына жағдайды тұрақтандырып, заңның үстемдік етуін қамтамасыз етуге көмектесу.