• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қаңтар, 2022

Тәртіпсіздіктер барысында теміржол нысандары зардап шеккен жоқ

263 рет
көрсетілді

Теміржолдың инфрақұрылымдық нысандары тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен жоқ. Бүкіл ел бойынша жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта теміржол тасымалына сұранысы күрт өсті. Жолаушылар вагондарының жүктемелігі 90%-дан асады. Осы орайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қосымша пойыздарды іске қосуды жоспарлап отыр.

7 қаңтарда «ҚТЖ» ҰК» АҚ т/ж билеттерін Kaspi.kz. және bilet.railways.kz  сайттары арқылы Интернетке қол жеткізбей сатып алуға мүмкіндік берді.

Айта кетсек, он бес мыңнан астам теміржол инфрақұрылымы нысандары толығымен сақталған.

Тәртіпсіздіктер кезінде стратегиялық маңызы бар нысандар зардап шеккен жоқ. Компанияның сумен, электрмен, жылумен және байланыс қызметтерімен қамтамасыз ететін бөлімшелері, вокзал шаруашылығы жұмыс істейді.