2022 жылдың 7 қаңтарында барлығы 201 рейс жоспарланған, соның ішінде 15 рейс кешіктіріліп, 148-і кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Қалған рейстер кестеге сәйкес уақытылы орындалады.
Айта кетсек, рейстердің кешіктірілуі мен тоқтатылуының себебі – Ақтау мен Алматы әуежайларының жабылуы.