• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қаңтар, 2022

Алматыдан 508 лаңкес ұсталды

237 рет
көрсетілді

Алматы комендатурасында қаладағы жағдай бойынша ақпарат жаңарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласы комендатурасының ақпарат орталығының мәліметінше, келесі аймақтар қылмыскерлерден тазартылды:

Сайн - Райымбек - Карьерная - Жандосов көшелерінің аумағы, Абай - Достық - Әл-Фараби - Желтоқсан көшелерінің аумағы.

Әуезов, Алатау және Медеу аудандарын тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 508 қатысушысы ұсталды. 22 бірлік атыс қаруы мен 1 мың 412 оқ-дәрі тәркіленді. Блокбекеттерде 56 адам, 9 көлік ұсталды. 

«102» басқару пультіне 1 021 хабарлама келіп түскен. Комендатураның call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 525-і дабыл түсті.