Қазақстанда бейбіт демонстранттарға қарсы қарулы күш ешқашан қолданылған емес. Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз ҰҚШҰ күштеріне жүгіну заңдылығы туралы сұрақтар туындап жатқанын көріп отырмыз. Бұл дұрыс ақпараттың болмауына және барлық жағдайды түсінбеуіне байланысты болып отыр. Кейбір жағдайларда халықаралық қоғамдастықта, оның ішінде шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында ҰҚШҰ күштерін қолдану туралы да, Қазақстандағы жағдайды оқу туралы да дұрыс емес түсініктер орын алған. Барлық ұсынылған фактілерге қарамастан, кейбір дереккөздер Қазақстандағы биліктің бейбіт демонстранттармен күресі туралы айтады. Бұл абсолютті жалған ақпарат. Біз бейбіт демонстранттарға қарсы қарулы күш қолданған емеспіз және қолданбаймыз», деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.