• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қаңтар, 2022

Жетісайда мародерлыққа қатысқан 5 жігіт ұсталды

424 рет
көрсетілді

Түркістан облысының полицейлері бір тәулік ішінде Алматы қаласындағы мародерлыққа қатысқан 5 жас жігітті ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Полицейлер Жетісай қаласында жедел іс-шаралар жүргізу барысында қонақ үйлердің бірінен Алматы мен Түркістан облыстарының үш ер-азаматын ұстады. Олардың екеуі бұрын ұрлық үшін сотталғандар.

Тәртіп сақшылары олардан 550 000 теңге, есірткі, брендтік ерлер мен әйелдер заттарын тәркіледі.

Ұсталғандардың айтуынша, олар Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, КOTTON сауда үйінің жанынан заттарды алған», деп жазылған Түркістан облысы полиция департаменті таратқан хабарламада.