Терроризмге қарсы операцияның өткір кезеңі өтті. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жалпы, терроризмге қарсы операцияның өткір кезеңі өтті, барлық өңірлердегі жағдай тұрақты. Осыған байланысты ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің негізгі миссиясы сәтті аяқталғанын мәлімдеймін. Екі күннен кейін ҰҚШҰ Біріккен бітімгершілік контингентін кезең-кезеңімен шығару басталады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы шығару процесі 10 күннен аспайтынын айтты.