• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Президент 11 Қаңтар, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін сынға алды

268 рет
көрсетілді

Бірқатар қалаларда ҰҚК департаментінің басшылары борышына адалдық таныта алмады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Шетін жағдайда Қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік қызметтегі әскери қызметшілер абыроймен көзге түсті. Бірақ бәрі бірдей өзінің борышына адалдық танытқан жоқ. Бірқатар қалаларда Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылары жеткілікті әскери арсенал болғанына қарамастан, қызметтік ғимараттарды ондағы қару мен құпия құжаттармен бірге айқассыз тастап кетті», деді Мемлекет басшысы Мәжіліс отырысында.