2014 жылғы 12 наурыз Астана, Үкімет Үйі
«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгілеу туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгіленсін. 2. «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталар белгілеу және «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 298 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 367-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарында: 2-тармақтың 3), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «3) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-нан кем болмауы тиіс; 4) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-нан кем болмауы тиіс». 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 232 қаулысына қосымша
«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталарЖобаның атауы
Өтініш беруші
Іске
асыру
орны
Іске асыру мер-зімі
Квота (адам)
барлығы
Оның ішінде:
бірінші
санат
екінші
санат
үшінші
санат
төртінші
санат
Атырау МӨЗ-ін реконструк-
циялау және жаңғырту
«Sinopec Engineering (Group) Со.,Ltd» қазақстандық филиалы Атырау қ., Атырау облысы 2010- 2016 жж. 755 5 55 216 479 «МГҚК «ҚазҚұрылысСервис» АҚ 134 0 22 66 46Жиыны
889 5 77 282 525