• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қаңтар, 2022

«Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасы Мәжілісте талқыланады

337 рет
көрсетілді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасын қарайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл заң жобасы Мемлекет басшысы Жолдауының жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасының мақсаты - жеке қосалқы шаруашылықтардың қызметін мемлекеттік реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру. Аграрлық мәселелер жөніндегі Комитет осы Заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», деді Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев палатаның жалпы отырысында құжатты ұсына отырып.

Мәжіліс депутаттары сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке қосалқы шаруашылықтардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылайды.

«Заң жобасы жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жеке қосалқы шаруашылықтардың қызметін дамыту және нығайту бойынша қосымша өкілеттіктер беру үшін әзірленді. Құжаттың мақсаты - қолданыстағы заңнаманың нормаларын жаңадан әзірленген «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасына сәйкес келтіру. Аграрлық мәселелер жөніндегі Комитет осы Заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», деді Ерлан Барлыбаев.