Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Қазақстаннан бітімгерлерді шығаруды бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Хабар 24 телеарнасына ұйымның бас хатшысы Станислав Зась айтты.
Контингенттің жалпы саны - 2,5 мың сарбаз. ҰҚШҰ күштері екі қалада - Алматы мен Нұр-Сұлтанда.
«Біз бітімгершілік операциясының соңғы кезеңін бастадық. Бүгін біз бітімгершілік күштерінің қорғауындағы нысандарды жергілікті қауіпсіздік күштеріне береміз. Ертең контингентті Қазақстаннан ұйымдасқан түрде шығару бойынша бірқатар іс-шараларды бастаймыз. Салтанатты іс-шара өткізіп, әскерлерді кезең-кезеңімен шығарамыз. Мемлекет басшылары бұл іс-шараларды 10 күн ішінде 23-ші күнге дейін аяқтау міндетін қойды. Бұл әскерді асықпай шығаруға мүмкіндік береді», деді ҰҚШҰ Бас хатшысы.